Павлодарда қазақтың ұлттық дәстүрлері бейнеленген тұскиіз сыйға тартылды

Павлодарда қазақтың ұлттық дәстүрлері бейнеленген тұскиіз сыйға тартылды

Наурызнаманың мерекелік онкүндігінде Павлодарға киізден жасалған бес метрлік панно тарту етілді. Халық арасында оны «Тұскиіз» деп атайды. Шыдамлық пен ептілікті қажет ететін өрнекті кілемшені дайындауға бірнеше апта уақыт кетті, дейді ұйымдастырушылар. Тұскиізді тоқуға ересектермен бірге жастар да атсалысты. Ал оны тұтас кілем ретінде біріктіріп тігуге оқушылардың көмегі зор болды. Сондай-ақ, үй жиһазының соңғы әрлеу жұмыстарын енгізуге қала тұрғындары қол ұшын берді. Тұскиіздің дайындалу барысы бастан-аяқ ұлттық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтті. Енді бұл қолөнер туындысы Наурыз мейрамында ұйымдастырылатын іс-шараларда орталық алаңның көркін аша түседі.  Айта кетейік, тұскиізде қазақтың ұлттық дәстүрлері бейнеленген.

 

Гүлнар Үйсінбаева, Қосымша білім беру орталығының жетекшісі:

-Тұскиізді тоқу идеясы бізге өткен жылы келген.  Басты мақсат өскелең ұрпаққа оның дайындалу барасы мен онда бейнелеген әрбір өрнектің мән-маңызын, қазақ оюларының рекшеліктерін түсіндіріп, көрсеті болды. Кілмешеде жануарлардың, құстардың, шөптердің, гүлдердің ою-өрнегін көрсете алдық. Тұскиізді «Көктемгі көңіл» деп атадық.

 

Арай Аннажарова, Қосымша білім беру орталығының тәрбиеленушісі:

-Маған өз қолыммен ұлттық бұйымдар жасаған ұнайды. Бүгінгі мерекеге біз ұстаздарымызбен бірге киізден тұскиіз жасадық.