Сопақша доп, көз ілеспес жылдамдық, қарымта шабуыл - тактикалық қызу тартыс. Silk Way арнасының «Road to Gold» жобасы: әйелдер регбиінің қатал да тартымды әлеміне үңілеміз. Басты кейіпкер -Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы, ментальді тірегі Балжан Қойшыбаева. Үлкен спорттағы 15 жыл, таптаурын түсініктермен күрес және командалық бірліктің күші туралы шынайы әңгіме.

