Астанада BaiQymyz-2026 гастрономиялық фестивалі өтті

Астанада BaiQymyz-2026 гастрономиялық фестивалі өтті

Астанадағы «Қазанат» ипподромында ұлттық мәдениет пен қазақтың дәстүрлі тағамдарын дәріптейтін BaiQymyz-2026 гастрономиялық фестивалі өтті. Екі күнге созылған шараға 70 мыңнан астам қонақ келіп, 56 тонна қымызы ұсынылды. Фестиваль аясында ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмесі ұсынылады. Онда зергерлік бұйымдар, былғары жəне ағаштан жасалған туындылар, сондай-ақ ат-əбзелдері мен жылқы мəдениетіне қатысты бұйымдар таныстырылады.Фестивальге еліміздің барлық өңірінен, сондай-ақ Қырғызстан мен Ресейдің Саха Республикасынан келген 60-тан астам қымыз өндіруші қатысқан. Олар қымыздың сапасы, дәмі, дайындалу ерекшелігі мен ұлттық дәстүрге сәйкестігі бойынша сынға түсті.

Жұмажан Қалтаев, BaiQymyz жобасының авторы:

- Фестиваль бізде биыл екінші жыл өтіп жатыр. Халыққа ұнап жатыр деп ойлаймын. Бірінші мақсаты қымыз ішетін адамдарды көбейту. Біздің ата-бабамыз қымыз ішкен, қанымызда бар. Одан кейін, оның арғы жағында не тұр? Арғы жағында ұлт денсаулығы, қымыз витаминге толы, денсаулыққа пайдалы.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?