Халықаралық БАҚ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып отырған саяси реформаларды ішкі жаңғырту тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ олардың өңірлік тұрақтылық пен сыртқы әріптестермен өзара іс-қимылға ықпалы тұрғысынан талдаған. Айталық, Eureporter жаңалықтар порталының талдаушылары бұл өзгерістерді жаһандық тұрақсыздық жағдайына байланысты елдің саяси архитектурасын қайта ойластыру әрекеті ретінде бағалайды. Басылым бір палаталы Парламентке көшу энергетика, инфрақұрылым және өнеркәсіп саясаты саласында шешім қабылдаудың тиімділігін арттыруы ықтимал дейді. Еуро Одақтың энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және «Орта» дәлізді дамытудағы Қазақстанның рөлін ескерсек, Еуропа үшін бұл өзгерістер үлкен мәнге ие.
Өзге шетелдік
БАҚ - The Diplomatic Insight – бұл реформаларды мемлекет басқарудың байыпты әрі
тұрақты жүйесін қалыптастыру әрекеті ретінде қарастырады. Басылым
вице-президент институтын енгізу биліктің транзиттік тәуекелін төмендетуге және
елдің сыртқы саяси позициясын нығайтуға мүмкіндік беретінін атап көрсетеді.
Авторлардың пікірінше, бұл бастамалар ұзақ мерзімді тұрақтылыққа ұмтылған елдің
прагматикалы стратегиясын көрсетеді, ал олардың табысты іске асырылуы алдағы
референдумға деген қоғамдық сенім деңгейіне байланысты.

