Қазақстан Президенті Дохада Қатар Әмірімен кездесті

Қазақстан Президенті Дохада Қатар Әмірімен кездесті

Қазақстан Президенті Қатар Әмірімен жүздесті. Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің дүниеден озуына байланысты көңіл айту үшін Дохаға барды. Президент қуатты әрі өркендеген Қатар Мемлекетін құруға шейх Хамадтың елеулі үлес қосқанын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, қазақ-қатар қарым-қатынасының дамуына шейх Хамад бен Халифа Әл Тәни зор еңбек сіңірді. Ол Қазақстанға екі рет ресми сапармен келіп, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асқан. Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арнайы қолдауы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Президент Қатар Әмірін өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақыратынын растады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?