Түрікменстанда «Smart city» тұжырымдамасы бойынша халықаралық конференция өтті

Түрікменстанда «Smart city» тұжырымдамасы бойынша халықаралық конференция өтті

Түрікменстан астанасында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сарапшылар қалалық процестерді басқарудағы жасанды интеллекттің рөлін талқылады. Бірінші кезекте, форумға қатысушылар төтенше жағдайлардың алдын алуда және ақылды қалалардың қауіпсіздігін арттыруда цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері мен тиімділігін қарастырды. Сонымен қатар 20-дан астам елдің ғалымдары, мамандары, соның ішінде Қазақстан, Түркия, Қытай, Үндістан, Румыния, Ресей елдерінің сарапшылары онлайн-режимде қалалық инфрақұрылымды жақсарту, көлік жүйелерін оңтайландыру, мегаполистердегі экологиялық жағдайды жақсартуға арналған шешімдерді қолдану бойынша жинақталған тәжірибелерімен бөлісті.


Дмитрий Савкин, «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің проректоры:


- Бізде тәжірибе алмасу мүмкіндігі бар. Әрине, ұсынылған технологиялар өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі. Атап айтқанда бұл – суды тазарту технологиясы, бұл ақылды көлік технологиясы, ақылды үйлер, жарықтандырудың бақыланатын жүйелері. Сондай-ақ, пилотсыз көлікке арналған пилотсыз жүйелер де бар. Сондықтан мұнда үйренуге  де, ақпарат алмасуға болады.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?