«Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы Қазақстанға 25
миллиард доллардан астам инвестиция тартылды. Елордада өткен Еуразиялық
арбитраж апталығы алаңында елдің инвестициялық тартымдылығын одан әрі нығайту әлеуеті
талқыланды. Жиынға қатысу үшін Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Италия, Германия және
басқа мемлекеттерден 600-ге жуық делегат келді. Олар үшін заңның әділ әрі
қауіпсіз болғаны маңызды. Яғни, бизнес пен инвесторлар құқықтарының қорғалуын
қамтамасыз ету сенім ұялататынын алға тартады. Бұған АХҚО Соты мен ХТО Соты кепіл
болады. Олар 8,5 жыл ішінде 40 астам елдің
компанияларының қатысуымен 5 мыңға жуық дауды қараған. Жаңа Конституциялық
реформа осы жүйені одан сайын күшейтпек. Яғни, Ата заң инвесторлардың да
құқығын қорғайды. Бұл ел экономикасының дамуына жаңа леп береді.
Кабир
Дуггал, Колумбия
университетінің заң мектебінің профессоры:
- Қазақстанның географиялық орналасуы, жер қойнауындағы қазба байлықтарының қоры мен тамыры терең тартқан тарихы елдің Орталық
Азия өңірінде де, бүкіл Еуразия кеңістігінде да маңызды рөл атқаруға мүмкіндік
береді. Сондай-ақ заң үстемдігін нығайту және Конституция деңгейінде сот
төрелігіне қол жеткізуді кеңейту сияқты қадамдар Қазақстанды инвестициялар үшін
тартымды етеді және елдегі бизнес ахуалды жақсартады.
Кристофер Кэмпбелл-Холт, АХҚО және ХТО сотының тіркеушісі
және аппарат басшысы:
- Біздер қазірдің өзінде мәтінді түрлі тілдерге автоматты түрде транскрибация жасайтын жүйені қолданамыз, бұл заманауи соттар мен төрелік орталықтар үшін принципті мәнге ие. Биыл e-Justice жүйесі жаңартылады, ал одан кейін алғашқы бейтарап бағалау әдісі қолданысқа енгізіледі. Мұның бәрі, Қазақстанда ерекше көңіл бөлінетін сала, жасанды интеллекттің ең үздік мүмкіндіктерін пайдалануға негізделген.

