Астанада Орталық Азия елдері дипломаттарын оқыту семинары өтіп жатыр

Астанада Орталық Азия елдері дипломаттарын оқыту семинары өтіп жатыр

Астанада Орталық Азия елдерінің мемлекеттік қызметшілері су дипломатиясын қалыптастыру бойынша біліктіліктерін арттыруда. Қазақстандық «KazAID» халықаралық даму агенттігі осы бағытта өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған арнайы оқыту бағдарламасын әзірледі. Оның аясында Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мамандары трансшекаралық суларды басқарудың озық әдістерімен танысып, тәжірибе алмасады. Сондай-ақ, Арал теңізі бассейнін дамыту мәселелері және жалпы су шаруашылығы саласында ортақ жобаларды жүзеге асыру әлеуетін талқылайды.

Арманай Қабдешова, «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің баспасөз хатшысы:

- Бұл семинардың басты сұрағы - су дипломатиясы және қазіргі күнде тұрақты даму үшін ресми көмектің іске асыру. Яғни, бұл біздің сыртқы саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Соны іске асыру негізінде осы семинар жүзеге асырылып жатыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?