Алматылық шебер адамның фотосуреті бойынша түрлі материалдардан қуыршақтар жасайды

Алматылық шебер адамның фотосуреті бойынша түрлі материалдардан қуыршақтар жасайды

Қазақстандық шебер қуыршақ түріндегі адамдардың көшірмелерін жасайды. Алматылық Жанар Урсарованың бірегей еңбегі сұранысқа ие. Тіпті Германия, Австрия, Израиль, Италия, Боливия, Пәкістан сынды елдерден тапсырыстар көп түседі. Негізінен бұндай ерекше тарту иелерінің фотосуреттері жіберіледі. Шебер сол арқылы адамның бейнесін айнымастай қайталайтын қуыршақтар жасайды.   

 

Жанар Урсарова, шебер:

- Бір модельге екі апта кетеді. Мен тапсырыс берушінің суреті бойынша эксклюзивті қуыршақтар, яғни оның түр әлпеті мен тері түсін келістіріп дәлме-дәл көшірмесін жасаймын. Бұл менің үйренген құпия техникам деуге болады.

Осыдан тура 8 жыл бұрын қарапайым әуестік ретінде басталған қуыршақ өнері қазір шебердің сүйікті әрі негізгі ісіне айналған. Ине ұстатып жөн сілтеген нағашы әжесі. Сол кезден бастап ойыншықтарына түрлі киімдер тіккен. Бұның бәрі барби қуыршағына қазақтың ұлттық киім үлгісін пішуден бастау алған. 

 

Захан Қыдырманова, әжесі:

- Мен баулыдым. Машинамен мен іс тігіп отырғанда қадалып қарап отыратын. Қағаздан ою оям оны үйретем. Таңғалып қараймыз мынаны қалай ойлап шығарды екен деп.

Бүгінге дейін отандық қуыршақ шебері түрлі материалдардан 400-ден астам бірегей туынды жасап үлгерген. Болашақта Жанар өз брендін қалыптастырып, білгенімен бөліскісі келеді.

Жеңіс Ермұқанов. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?