Орталық референдум комиссиясы ұсынған дерек бойынша, сағат 14.00-де республиканың 6 млн 471 378 азаматы билютень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 52% жуық. Заңнамаға сәйкес, тиісінше референдум өтті деп танылуы тиіс. Жалпы, 10 мыңнан астам дауыс беру учаскесінде 12 млн астам азамат дауыс беру құқығына ие.
Шавхат Өтемісов, ҚР Орталық референдум комиссиясының хатшысы:
- Референдум туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31 бабы, 2 тармағына сәйкес, егер референдумға дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса референдум өткізілген деп саналады.

