Үкімет су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қостанай облысындағы Арқалық қаласының тұрғындарына төтенше резервтен 405 млн теңге бөлді. Қаражат комиссия бағалауына сәйкес үйлері қалпына келтіруге келмейтін отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін беріледі.
Айта кетейік, бүгінде қызыл судың қарқыны бәсеңдеп, қауіптің беті сейіле бастады. Барлық жағдай республикалық штабтың жіті бақылауында. Қазіргі таңда үйлерді тексеру бойынша жұмыс Қостанай облысында ғана емес, еліміздің төтенше жағдай жарияланған аймақтарында да жүргізіліп жатыр.