Қазақстанға Түрікменстан Халқ Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов келді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Түркістан әуежайынан өзі қарсы алды. Мемлекет басшысы мен Түрікменстан Халқ Маслахатының Төрағасы ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барды. Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағында орналасқан ұлттық-мәдени кешенді аралап көрді. Және дәнді дақылдардың сұрыптарымен танысып, мәртебелі меймандарға ұлттық тағам түрлері, кілем тоқу сияқты қолөнер шеберлерінің туындылары көрсетілді. Қазақ салт-дәстүрін паш ететін театрландырылған қойылым ұсынылды. Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Turkistan визит орталығына барды. Мәртебелі меймандарға көне «Күлтөбе» қалашығының тарихи келбетін сақтау және абаттандыру жобасы туралы мәлімет берілді. Мәртебелі меймандар тарихи ескерткішті музейге айналдыру барысымен танысты. Қалашықтың 27 гектар аумағында археологиялық қазба жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар, таяуда ашылатын «Қолөнершілер қалашығының» тұжырымдамасы таныстырылды. Оның ішінде шеберханалар, ұлттық тағам түрлерін ұсынатын орындар орналаспақ.

