Қазақстан Президенті Түркістан облысының әкімін қабылдады

Қазақстан Президенті Түркістан облысының әкімін қабылдады

Түркістан өңірінде ирригация нысандарын қайта қалпына келтіру үшін Ислам даму банкінен қаржы тартылды. Қазіргі кезде жалпы құны 135 жарым млрд теңгенің 24 жобасын жүзеге асыру мақұлданды. Президентке облыс әкімі аймақтың былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндады. Нұралхан Көшеровтің айтуынша, ауыл шаруашылығы саласында мақта, жүгері және ет кластерлерін дамытуға айрықша мән беріліп келеді. Тек мақта-тоқыма саласында ортақ құны 197 млрд теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылмақ. Сонымен қатар, жүгері-сірне зауытының құрылысы басталып, Австралия тәжірибесіне сай ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту қолға алынды. Энергетика тапшылығын шешу қамында 6 жобаны іске асыру көзделген. Мемлекет басшысы облыстың жаңа басшысына күні кеше қол қойылған «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңда айқындалған міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін Үкіметпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды. Сондай-ақ, өлке халқының тұрмыс деңгейін жақсарту, туризм, ауыл шаруашылығы, шағын кәсіпкерлікті дамыту міндеттерін жүктеді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?