Қатар Қазақстанда жаңа ГЭС салуға ниетті. Судың күшімен қуат өндіретін нысан елдің шығыс өңіріндегі Ертіс өзенінің бойында тұрғызылмақ. Жаңартылатын энергия көзінің қуаты 350 мВт құрайды деп күтілуде.
«Самұрық-Қазына» қорының мәліметінше, жергілікті тарап аталмыш стансаның құрылысы жөнінде әмірліктің ірі энергетикалық және инвестициялық компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Қазір екі жақты алдын ала уағдаластық бойынша жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Бұл істі қыркүйек айына дейін аяқтау межеленген.
Сондай-ақ жобаның жалпы құнын анықтауға қатысты ортақ мәмілеге келу мақсаты тұр.