Жаңа Конституция бойынша референдум: алдын ала нәтиже жарияланды

Жаңа Конституция бойынша референдум: алдын ала нәтиже жарияланды

Қазақстанда жаңа Конституция бойынша республикалық референдум аяқталды. Дауыс берудің ресми нәтижесі бір апта ішінде жарияланады. Орталық референдум комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша дауыс берушілер үлесі 73%-тен асты. Ең жоғары белсенділік танытқан Қызылорда облысы тұрғындарының 93%-тен астамы дауыс берген, сондай-ақ Ақтөбе және Шығыс Қазақстан өңірлері де көш басында. Бұл облыстарда келушілер саны 86%-тен асты. Астанада азаматтардың 60%-тен, Алматыда 33%-тен астамы дауыс берген. Exit poll нәтижелері қазақстандықтардың көпшілігі еліміздің жаңа Ата заңын қолдағанын көрсетеді. Айталық, Еуразиялық интеграция институты жаңа Конституция 87% қолдау тапқанын болжайды. «Социс-А» - кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының exit poll қорытындысында бойынша азаматтардың 87,5%-і қолдау көрсеткен. Қоғамдық саясат институты жаңа Конституцияның қабылдануын сауалнама қатысушыларының 89%-ке жуығы қолдағанын айтады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?