Қазақстанда биыл 370 астам педогог республикалық кадрлық резервке өтті. Олар «Білімдегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында 13 мыңнан астам ұстаздың арасынан іріктелген. Былтыр басталған бағдарламаға тек мектеп директорларының орынбасарлары қатысса, осы жолы барлық ел мұғалімдеріне кадрлық резервке өту мүмкіндік жасалып отыр. Оған іріктеу 4 кезең бойынша жүргізіледі. Үміткерлер алдымен құзыреттілікті бағалау үшін тестілеуден өтеді. Кейін халықаралық тәжірибеге сүйенген арнайы оқуға жіберілді. Бұдан соң елдің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өтуі керек. Қорытынды бағалауда арнайы комиссиямен әңгімелесу өткізіледі. Бұл сыннан да мүдірмегендер конкурстан тыс негізде мектеп директоры қызметіне тағайындалу мүмкіндігін алады. Айта кетейік былтыр ерекше тізімге енген 200-ден астам көшбасшының 170 қазір мектеп басқарып отыр.
Қаныбек Жұмашев, ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің
төрағасы:
- Жаңа оқу әдіс-тәсілдері мен креативті және сыни ойлау теориясымен толықтай қаруланған, сондай-ақ білім беру ұйымдарында әділдік, адалдық принциптерін, жақсы коммуникациялар құруына дағдыланып, үйреніп шыққан бұл басшылар балалармен қарым-қатынас жасауда, ұжымдағы атмосфера, ата-аналар және үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жасаған кезде өте жоғары тиімді қызмет атқарады деп сенеміз.
Жеңіс Ермұқанов.

