Қазақстанда қола дәуіріне тиесілі таңбалы тас табылды. Бұл тарихи жәдігерге Жаңатас қаласының маңын жинап жүрген еріктілер тап болған. Көне өркениет нышанының ені 2, ал ұзындығы 15-20 метрден асады. Ежелгі петроглифтерде аң аулап, тор лақтырып жатқан адамдардың бейнелері анық бедерленген.
Асылжан Пазылбеков, ерікті:
-Ерекше жазуларды көзіміз шалып қалды. Тарихшы емеспіз, өзіміз арнайы мамандарды, тарихшыларды шақыру барысында осы жазуды анықтадық. Сөйтсек, бұл үлкен мұрағат болатын тарихымызға ерекше жазулар екен. Ендігі уақытта біз осы жерге үлкен тазалық жұмыстарын жүргізетін боламыз.
Мамандардың пайымынша таңбалы тастың 4 мың жылдық тарихы бар. Оның бетіне қашалған суреттердегі ерекше элементтерді ғылыми жаңалық деп отыр. Сондықтан мәдени мұра кешенді түрде зерттелмек. Тарихшылар көне нышан табылған аумақтың мемлекетің қорғалуына алынуы тиіс деп санайды.
Сауран Қалиев, тарихшы-археолог:
-Қаратау тау жотасы-бұл Қазақстандағы ең киелі аймақ болып табылатын
тарихи-географиялық аймақ болып есептеледі. Ал енді сол ғалымдардың зерттеу
жұмыстарының қорытындысына сәйкес, мұны болашақта өңірлік туристік бағыттарға
енгізу мүмкіндігі жоғары.