Конституция Қазақстандықтардың жеке деректерін қорғаудың жаңа кепілдіктерін бекітті

Конституция Қазақстандықтардың жеке деректерін қорғаудың жаңа кепілдіктерін бекітті

Қазақстан Конституциясында алғаш рет азаматтардың цифрлық құқықтары бекітілді. Сарапшылардың айтуынша, жаңартылған Негізгі заң цифрлық ортаның қауіпсіздігіне, соның ішінде жеке деректер мен банк құпиясын қорғауға кепілдік береді. Бұл нормаларды іске асыру тетіктері Цифрлық кодексте егжей-тегжейлі жазылған. Осы және басқа да конституциялық өзгерістер Астанадағы Қазақстандық қоғамдық даму институты «Sarap» сараптамалық клубы отырысында талқыланды. Кездесуге қатысушылар конституциялық институттарды дамыту, құқық үстемдігін нығайту және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелерін қарастырды. Іс-шара қорытындысында Конституция ел дамуының жаңа кезеңін ашатыны және мемлекеттік институттарды одан әрі жаңғырту үшін берік құқықтық негіз қалайтыны атап өтілді.


Әлия Жауеева, Қазақстандық қоғамдық даму институтының сандық шешімдер деректері және АІ бөлімінің басшысы:

- АІ және қандай да бір алгоритмдік шешімдерді енгізуге байланысты туындайтын мәселелер Цифрлық кодексте қамтылған. Конституция деңгейіне, яғни басты заң деңгейінде осы саланы реттеуге бағытталған әрекет оның өте маңызды екенін көрсетеді. Және тиісінше, барлық регламенттер, қандай да бір салалық заңдардың барлығы Конституциядан жоғары бола алмайды. Демек, шартты түрде айтсақ, егер сіздің құқықтық талас тудырған жеке мәселеңіз бойынша қандай да бір сұрақтарыңыз немесе даулы мәселеңіз болса, сіз осы бапқа тікелей нұсқап, бұл менің конституциялық құқығым деп мәлімдей аласыз, яғни осы бап тұрғанда сізге өз құқығыңызды қорғауға қажетті дәлел іздеудің қажеті жоқ болады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?