Қазақстан шетелдік қонақтарға арналған цифрлық қосымшаларды іске қосады

Қазақстан шетелдік қонақтарға арналған цифрлық қосымшаларды іске қосады

Қазақстан мигранттар үшін бірыңғай цифрлық модель енгізеді. Қазір жүйе виза алуға өтініш беруден бастап жеке сәйкестендіру нөмірін алуға дейінгі процесті қамтиды. Иммигранттар әр кезеңде жеке қатысуы тиіс. Енді барлық рәсімдер бір қызметке біріктіріледі. Тексерулер автоматтандырылады, ал өтініш берушімен байланыс бірыңғай цифрлық портал арқылы жүзеге асырылады. Мұндай жүйе рәсімдер санын 60-70 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді. Құжаттарды қарау мерзімі де қысқарады. Ашықтық артады. Бұл мемлекеттік органдардың ресурстарын оңтайландырып, елдің имиджін нығайтады. Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев QazETA мобильді қосымшасын таныстырды. Бұл шетелдік азаматтарды бейімдеудің сандық құралы. Ол арқылы көші-қон құжаттарын рәсімдеуге, еліміздің көрікті жерлері туралы ақпаратты білуге, автокөлікті жалға алуға, B2B-ге, сондай-ақ, медициналық қызметтерге қол жеткізуге болады.

Жаслан Мәдиев ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Бұдан басқа ағымдағы жылдың қазан айында қосылатын қосымша шеңберінде заңнамаға пысықтау жүргізіліп жатқан екі жаңа процесс іске қосылады. ETA (Electronic Travel Authorization) визасыз елдерге кіруге рұқсат беру. E-residency шетелдіктер үшін жаңа мүмкіндік Эстония тәжірибесі мысалында елге бармай-ақ бизнесті АХҚО юридикциясында резиденцияны тіркеу мүмкіндігін ұсыну.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?