Жаңа Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру аясында сенаторлар соңғы
апталарда өңірлерде 600-ге жуық кездесу өткізді. Қазақстанның жаңа Ата заңы жаңа жаһандық сын-қатерлерге уақтылы берілген жауап
және мемлекеттің орнықтылығының негізі. Сондай-ақ құжат саяси институттардың
жүйелі түрде жаңаруын қамтамасыз етеді. Жоғары палатаның отырысында Сенат
төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, аталған реформа
азаматтардың құқықтарын қорғауға және қоғаммен шынайы диалог орнатуға
бағытталған заманауи әрі тиімді саяси модель қалыптастырады. Сондай-ақ ол адам
құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде жариялау
маңызды өзгерістердің бірі екенін атап өтті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
– Жаңа Ата заң жобасында адам, оның өмірі құқығы мен бостандығы мемлекеттің
ең жоғары құндылықтары ретінде айқындалып отыр. Сенаторлардың өңірлерге
сапарларының қорытындысы халықтың жаңа Конституция жобасын қолдайтынын
көрсетті. Шын мәнінде, бұл ортақ жауапкершілік кезеңі. Осы жолда халқымыз
ауызбіршіліктің биігінен көрінеді деп сенеміз.

