Қазақстанда биылғы Наурыз мейрамы сандық форматта атап өтілді. Бүкіл ел бойынша ұлттық спорт түрлері VR-ойындар мәнерінде ұйымдастырылды. Ұлы дала ойындары - виртуалды кеңістікке көшіп, заманауи технологияларды, дәстүрлерді құрметтеу мен жастардың рухын біріктірді. Мәселен, Өскеменде оқушылар мен студенттер арнайы көзілдіріктің көмегімен өткенге саяғат жасады. Онлайн садақ тартып, асық атты. Тіпті тың шешімдер арқылы көшпенділердің тоғызқұмалақ ойынын меңгеруге мүмкіндік алған. Яғни, дәстүрлі жарыстар озық шешімдермен ұштастырылды. Жастар дрондар жарысына қатысып, қазақтың саятшылық өнерін де цифрлық форматта сынап көрді. Осылайша, әз-наурыз дәстүрлердің мерекесі ғана емес, жаңа идеялар алаңына айналды.
Маргарита Ханжанова, IT-лицейдің оқушысы:
- Қазақстанда осындай ауқымды цифрландырудың басталғаны өте жақсы. Қазір технологиялар жетілдіруде. Жастар, ұлттық дәстүрді озық шешімдермен ұштастырады. Яғни, өткенді жаңғырту арқылы білімді де жасампаз жастар, заманауи технологияларды меңгеруге де мол мүмкіндік алады. Осылайша, ескі мен жаңа бірігіп, дамуға жол ашады.

