Мемлекеттік басқаруды және басқа да салаларды цифрлық трансформациялау үшін институционалдық база қалыптасқан. Сондай-ақ GovTech платформалық тәсілі арқылы цифрлық трансформациялау үдерісі де басталды. Реинжиниринг міндеттемесі заң жүзінде бекітіліп, 600-ден астам бизнес-процесс қайта қаралған. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі баяндады. Жаслан Мәдиев жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ AI-driven government экожүйесін қалыптастыру жолдары жөнінде мәлімет берді. Президент мемлекеттік басқару ісін сапалы түрде цифрландыру, халықаралық IT-алпауыттармен ынтымақтастықты жандандыру және экономиканың түрлі секторында жасанды интеллектіні одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.