Қазақстанда 84 ірі инвестициялық жобаны іске асыру
көзделген. Негізінен өндіріс, инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы салаларына
басымдық берілмек. Екінші деңгейлі банктер бұл бағдарламаларды қолдауға әзір.
Бұл жөнінде Үкіметте Премьер-министрдің төрағалығымен өткен кеңесте белгілі
болды. Жиында екінші деңгейлі банктердің басшыларымен экономиканың нақты
секторын қаржыландыруға қатысуды арттыру мәселесін талқыланды. Мәселен мемлекеттік
кепілдіктер ұлғайтылады. Соның нәтижесінде құрылыс жұмыстары 13 мың шақырым
автожолдар мен 585 шақырым теміржолдарды қамтиды. Сондай-ақ, кемінде 19 млн
шаршы метр үй салынады деп күтілуде. Сонымен қатар, Кеңесте салық салу,
жеңілдетілген қаржыландыруға рұқсаты бар салалар тізбесін кеңейту, несие рәсімдеу
жылдамдығын арттыру және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жақсарту үшін
цифрландыруды енгізу мәселелері көтерілді. Талқылаулар қорытындысы бойынша
Олжас Бектенов экономиканы қаржыландыру бойынша жаңа тәсілдерді бірлесіп
енгізудің маңыздылығын атап өтіп, банк басшылығының назарын жергілікті қамту
мәселесіне аударды. Үкімет басшысы елдегі бизнес-жобаларды қолдау басымдыққа ие
болу керектігін алға тартты.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

