Түркі инвестиция қоры ресми түрде жұмысын бастады.
Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия құрылтайшы елдер
болады. Қордың бастапқы капиталы 500 млн доллар. Оны құрудың басты мақсаты – Түркі
елдері арасындағы экономикалық және коммерциялық қатынастардың дамуын
қамтамасыз ету. Қазақстанға қор мүшелігі: жобаларды қаржыландыру, гранттар мен
техникалық көмек алу, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының өңірі аясында және
одан тыс жерлерде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік
береді. Қор қызметі барысында инфрақұрылымды, жаңартылатын энергия көздерін,
ауыл шаруашылығын, туризмді, IT және басқа да бағыттарды қамтитын түрлі секторлардағы
бірлескен жобаларды қолдауға басты назар аударылады. Айта кетейік, Түркия Қаржы
министрлігінің бағалауы бойынша 2024 жылдың соңына қарай Түркі мемлекеттерінің
экономика көлемі $1,9 трлн-ға және халық саны 178 млн адамға жетеді деп жоспарлануда.