Қазақстан мен Өзбекстан жаңа әуе бағыттарын ашады. Жаңа әуе қатынастары желтоқсан айынан бастап іске қосылады. Отандық әуекомпания Түркістан – Бұхара, Түркістан – Үргеніш және Түркістан – Самарқанд бағыттары бойынша тұрақты ұшады. Рейстер әр бағыт бойынша аптасына 3 рет орындалады. Бұл маршруттардың ашылуы өңірлердің өзара көлік байланысын күшейтуге және шетелдік туристер ағынын ынталандыруға бағытталған. Сонымен қатар, елдің Туризм және спорт министрлігі 2026 жылы екі елдің туристік ресурстарын біріктіру мақсатында Қазақстан мен Өзбекстанның туристік әлеуетін бірлесіп ілгерілету жоспарланғанын мәлімдеді.

