Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновті қабылдады

Қазақстанда өрт сөндіру деполарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр, олардың саны 20-ға дейін артпақ. Бұл туралы Мемлекет басшысына есебінде Төтенше жағдайлар министрі баяндады.  Шыңғыс Әріновтің айтуынша, министрлік әртүрлі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету шараларын жетілдіру жұмыстарын жүргізуде. Соның аясында әуе авиациясы паркі жаңарту көзделген. Ал, Каспий жағасында Ұлттық теңіз жасағы құрылмақ.

Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

-Бүгін мемлекет басшысына азаматтық қорғаныс саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы есеп бердім. Төтенше жағдайлар министрлігінің штаттық құрылымын оңтайландыру, материалдық-техникалық базаны нығайту туралы айттым. Жаңа өрт сөндіру деполарын, құтқару станцияларын, Азаматтық қорғау академиясын салу, авиация паркін жаңарту сөз болды. Бұдан бөлек қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан құтқару бөлімшелерін цифрландыру, кадрлық әлеуетті арттыру және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдауды күшейту шаралары туралы мәлімет берілді.