Халық әртісінің мерейтойы ЮНЕСКО-ның айтулы күндерінің тізіміне еніп, осыған байланысты арнайы концерт ұйымдастырылды.
Роза Кәрібжанова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет комитетінің төрағасы
- Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше ретінде енгеніне 30 жыл болып жатыр. Сондықтан бүгінгі шара Қазақстанның ЮНЕСКО-да алған орнын суреттейді деп айтуға болады. Өйткені келген кісілер бұл тек осы жақтағы біздің қандастарымыз ғана емес , бұл жерге дипломатия өкілдері де келді. Өте жылы қабылдады.
Қалың бұқараны бұлбұл әнші Роза Бағланованың қалдырған мұрасымен таныстыру үшін Қазақстанның эстрада жұлдыздары мен классикалық жанр әншілері жиналды. Абайдың, Қалдаяқовтың, Тілендиевтің әндері мен қазақ өнерінің жарық жұлдызының өмірлік хикаясы жиналған қауымды тебірентті.
Нұржамал Үсенбаева, ҚР халық әртісі:
- Мен үшін үлкен мәртебе осындай керемет концертке қатысқаныма. Өйткені Роза Бағланова біздің еліміздің тұлғасы. Бұл концерт 100 жылдыққа арналған. Бұл біздің қазақ өнеріміз. Біз сол үшн келдік. мен ойлаймын біздің Қазақ өнері, қазақ дәстүрі жасай берсін дами берсін.
Элеонора Восси, музыкалық театрдың директоры:
- Өте кәсіби, әсерлі, талғампаз, эмоционалды қойылым болды. Маған қатты әсер етті. Мен біздің театрдың көрермендері дәл осындай керемет қойылымды көргенін қалар едім.
Роза Бағланова - өнер саласында керемет жетістікке жеткен тұлға. Ол бүкіл дүниежүзін шарлап, түрлі тілдерде ән салды. Оның үні майданда, ең танымал үлкен концерт залдарында, тіпті ғарыш орбитасында да естілді. Халық сүйіктісінің дауысы, жүріп өткен өмірлік жолы Қазақстан тарихындағы ең елеулі кезеңдерінің бірі болып қала береді.