Жазушы, драматург Дулат Исабековтың шығармалар жинағы швед тілінде жарық көрді. Бұл – Альфред Нобельдің отанында басылған алғашқы қазақ әдебиеті.
Жинақты швед академигі, Нобель сыйлығының лауреаты Бенгт Самуэльсон аударған. Кітапқа автордың «Гауһартас», «Сүйекші», «Дермене», «Өкпек жолаушы», «Біз соғысты көрген жоқпыз» атты 5 повесі және бірнеше әңгімесі енген. Швециялық сыншылардың жоғары бағасын алған туынды 1000 данамен басылды. Драматургтың пьесаларына еуропалық театрлар қызығып отыр. «Бөрте» пьесасын Вена, Цюрих, Брюссель театрлары сахналауға дайындықты бастап кетіпті. Ал жуырда Дулат Исабеков шығармасының желісімен түсірілген «Балуан Шолақ» фильмі ІІІ Еуразия кинофестивалінде арнайы дипломмен марапатталды.
Дулат Исабеков, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы:
- 28 маусымда фильм Лондондағы кинофестивальде көрсетілді. Өкінішке қарай, мен бара алмадым. Бірақ «Көрермендер көзайымы» сыйлығын алу мен үшін үлкен мәртебе. Көпшіліктің сүйіспеншілігі - ең жоғары бағамен тең.