Қытай Astana AI Film Festival-нің ресми серіктесі атанды

Қытай Astana AI Film Festival-нің ресми серіктесі атанды

Қытай Astana AI Film Festival-нің ресми серіктесі атанды. Тиісті меморандумға Қазақстан-Қытай жасанды интеллект негізіндегі кино және телеарналар форумында қол қойылды. Ынтымақтастық бірнеше бағытты қамтиды: AI технологиялары, AIGC саласындағы бірлескен жобаларды дамыту, ғылыми-фантастикалық контент жасау, өзара инвестициялық іс-қимыл және фильмдерді халықаралық ілгерілету. Құжат фестивальдің әлемдік мәртебесін нығайтуға ықпал етеді және қазақстандық авторларға цифрлық контенттің ірі нарықтарының біріне қолжетімділік ұсынады. Бұдан бөлек, технология алмасу және бірлескен бастамаларды іске асыру еліміздің AI-кино мен креативті индустриясын дамытуға жаңа серпін береді деп күтілуде. Еске салайық, Astana AI Week аясында өтетін Astana AI Film Festival елордада 1-3 қазан аралығында ұйымдастырылады.

 

Алмас Жәли, Astana AI Film Festival тең құрылтайшысы және төрағасы:

 

Аударма. Неліктен Қытай? Өйткені, бүгінде бұл ел жасанды интеллект және AI-технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. Бұл ынтымақтастық Қазақстанға озық шешімдерді игеруге, мамандарымызға тәжірибе алмасуға және сала көшбасшыларымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте қытай технологияларын қазақ мәдениетімен, шығармашылық әлеуетімізбен, идеялар және өз әзірлемелерімізбен біріктіру арқылы әлемдік нарыққа лайық бәсекеге қабілетті өнім жасауға жол ашылады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?