Қазақстанның жетекші университеттерінің бірі 30 жылдық мерейтойын атап өтті

Қазақстанның жетекші Жоғарғы Оқу Орындарының бірі өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы атаулы датаға орай, Maqsut Narikbayev University ауқымды шаралар ұйымдастырды. Бірден 4 жоғарғы мектеп университетті үздік құттықтау бойынша бір-бірімен сайысқа түсті. Студенттер мен түлектерден бөлек, өздерінің топтарын құрған оқытушылар құрамы да бәсекелесті. Барлығы жарыста 600 аса қатысушы болды

Студенттердің айтуынша, мұндай шараға атсалысу – зор мәртебе. Айта кетейік, жеңімпаздарға кубокпен бірге 5 млн теңге көлемінде сыйақы да тағайындалды. Бүгінде конкурс түрінде өткізілетін мерекелік шаралар университеттің дәстүріне айналып кеткен. Университет басшылығы мұндай әдіс студенттер арасындағы жан-жақты ойлау мен бәсекеге қабілеттілік қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді дейді. 

Алина Бірғалиева, Maqsut Narikbayev University студенті:

– Бұл шараға біз 1,5-2 ай көлемінде дайындалдық. Күнделікті дерлік, өзіміздің дайындық орнымызға жиналып, дайындалдық. Осы онжылдық кубогін ұту үшін барымызды салып, талмай еңбектендік. Командамызда 100 жуық адам бар. Бұл таң қалдырарлық шоу жасау үшін жеткілікті деп санаймын. 

Арман Пірзадаев, MNU басқарма төрағасының орынбасары:

– Университетіміз әртүрлі жетістіктерге жетіп жатыр. Еуропалық аккредитациялық агенттіктерден өтуі, сонымен қатар жақында ғана Ұлыбританияда британдық кюей аккредациясынан өттік. Бұл дегеніміз университетіміздің түлектерге берген дипломының осы әлемдік дейгейде танылуы. Сонымен қатар, түлектеріміздің әлемдік деңгейде кәсіби маман ретінде танылуы болып табылады.