Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Қырғызстан Президентін қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Қырғызстан Президентін қарсы алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды. Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеді. Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.