Қазақстан Президенті Давос қаласына жұмыс сапарымен барады

Қазақстан Президенті Давос қаласына жұмыс сапарымен барады

22 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Давос қаласына жұмыс сапарымен барады. Қазақстан Президенті Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқылардың бірі борлып Газа секторы бойынша Бейбітшілік кеңесі құрамына шақырылды. Қазақстанға  жаңа халықаралық ұйымның  құрылтайшы ел мәртебесі ұсынылды. Мемлекет басшысы ресми шақыртуды қабыл алып, өз келісімін растайтын жауап хат жолдады. Президент Қазақстанның Таяу Шығыста бейбітшілікке қол жеткізуге, халықаралық қауіпсіздік пен жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға ниетті екенін атап өтті. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?