Ясауи кесенесі мемлекет қорғауына алынды

Қазақстандағы белгілі тарихи ескерткіш Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мемлекет қорғауына алынды. Үкімет басшысы тиісті қаулыға қол қойды. Тарихи-мәдени тұрғыдан аса құнды жәдігерді сақтау қамында оны ерекше қорғауға жататын нысандар тізбесіне енгізу шешімі қабылданды. Ондағы қауіпсіздікті Ішкі істер органдарының тиісті бөлімшелері қамтамасыз етеді. Еске салайық көне нысан киелі Түркістанда орналасқан. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген алғашқы қазақстандық нысан және ортағасырлық сәулет өнерінің бірегей ескерткіштеріне жатады.