Қазақстанда тағы бір рекорд орнатылды. Бұл жолы Түркістанда тігілген ұлттық бас киім әлемді таңқалдырды. Жергілікті шеберлер биіктігі 5 метр алып сәукеле әзірледі. 30 астам түркі халықының ою-өрнегімен безендірілген қалыңдықтың бас киіміне ұзындығы 600 метірлік жамылғы тігілген. Жоба авторы бұл сәукеле түркі әлемінің мәдени мұрасын паш етуді мақсат тұтатынын алға тарттады. Яғни, халық бірлігі мен рухани сабақтастықтың айнасы іспетті.
Ақмарал Дауылбаева, жоба авторы:
– Сәукелеміздің биіктігін көк шынмен тіресіп тұрсын деп 5 метр 20 сантиметр қылдық. Ал енді оның оюын көп
ойлана келе өмір ағашы секілді қылып.
Қуандық Құдайбергенов, Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі:
– Әлем деңгейінде осындай үлкен бас киімді ешкім жасамаған. Сондықтан бүгін
барлық тіркеу жұмыстарын жүргіземіз де, Global Book of Records деген үшінші
дүниежүзілік рекордтар кітабына кіргіземіз. Үш-төрт айдың ішінде ол кітаптың
өзі шығып қалады.

