Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Павлодарда ерекше патриоттық челлендж ұйымдастырылды. «Достық» үйінің алаңында сап түзеген мыңға жуық оқушы шаңырақ үлгісінде инсталляция жасады. Композицияның ортасында «Бірлік күні» деп жазылды. Осылайша биіктен түсірілген бейнеде ерекше әсерлі көрініс пайда болды. Флешмоб соңында бейбітшіліктің символы ретінде ақ көгершіндер ұшырылды.
Усман Росляков, Оқушы:
- «Шаңырақ» челленджіне қуана-қуана қатысып отырмын. Себебі мемлекеттік маңызы бар Бірлік күніне өз үлесімді қосып, елімнің патриоты екенімді көрсеткім келеді. Және барша қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтаймын!

