Қазақ тілін жетік меңгеріп, оның бай және көрнекі сипаттарымен танысу. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдер сөздігі осындай бірқатар мүмкіндіктерді береді. Астанада басылымның тұсаукесері өтті. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай 2 мың данамен жарық көрді. Сөздіктің авторы - Жазушылар одағының мүшесі және аудармашы Камал Әлпейісова. Кітапқа ең-ең деген мақал-мәтелдер - образ арқылы берілген логикалық ой қорытындылары еніп отыр. Лингвист тіл үйренуде олардың барлығы міндетті түрде көмектеседі дейді. Сөздік қазірдің өзінде халықаралық емтихандарға дайындалу барысында студенттер үшін сенімді көмекшіге айналды. Басылым мемлекеттік тілдің қолданылу аясын және мәдениетаралық қарым-қатынастарды кеңейтуге де ықпал етеді. Айта кетейік, сөздіктің онлайн нұсқасы да әзірленіп жатыр.
Камал Әлпейісова, Сөздік авторы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі:
- Содан Америкаға сапарымда сол жақта талантты жастарды көріп, соны іштен армандадым, осы балалар өздерінің сөздерінде біздің қазақ халқының мынандай мақал бар деп айтып, ағылшыншасы былай деп айтып отырса ғой деген, содан туындаған бұл кітап. Алғашқы қазақша-орысша мағынасын мен жаздымда, үшінші ағылшынша мағынасын өзімнің шәкіртім, Шығыс Англияның университетін бітірген, магистр Мерей Маликова екеуіміз жазып шығарған кітабымыз. Ашып, көріп, бірден қуанып жатыр. Мәссаған, мынау оқып, көріп, салыстырып, біз дейді де, Айлтс тапсырған кезде ол жақта Айлтста мына тұрақты тіркестерді білетінің жоғары бағаланады дейді.

