Шымкенттің дизайнерлері өз топтамаларында дәстүрлі элементтер мен жаңа сән
трендтерінің қазіргі заманғы қазақ ұлттық киімімен үйлесімділігін ұсынды. Олар нәзік
жандыларға қысқы және көктемгі мезгілде күнделікті бас киімді кимешек пен
сәукелеге алмастыруға кеңес береді. Сондай-ақ, киім үлгілерін ұлттық нақышта
безендірудің мән-маңызын айрықша екенін алға тартады. Еліміздің үшінші
мегаполисінің сәнгерлері бірегей челлендж бастап, қазақстандықтарды, сондай-ақ ұлттық
мәдениет жанкүйерлерін соңғы тенденцияларға назар аударуға шақырады.
Фатима Мейірбекова, дизайнер:
- Жаңаша бір киімді ойлап таптық. 9 киімнен тұрады. Және түстерін байқасаңыздар бір-біріне үйлесіп жүрген. Осы көктемнің гүлдері, көктемнің қандай гүлдері, аспан, су, соның барлық түстері коолекцияда көрсетілген.
Әсел Күшенғалиева

