«Бозжыра» шатқалына туристік нысан салынады

«Бозжыра» шатқалына туристік нысан салынады

Маңғыстау өңіріндегі Бозжыра шатқалында сапар орталығы бой түзейді. Бұл туристік нысан жылына 40 мың саяхатшыны қабылдай алады. Ол жиналмалы жеңіл конструкциялардан тұрғызылады, олар терең іргетасты қажет етпейді. Жер бедеріне байланысты ғимарат 400-ден 1000 мм биікте орналасады. Онда қалдық суды сүзетін биотазарту, қоқысты сұрыптау, күн сәулесінен қуат алу жүйесі қарастырылған. Жаңа сапар орталығы бар экологиялық талаптарға сай салынады. Жоба бойынша шатқалдың жоғарғы бөлігінде қазақи нақышта безендірілген глэмпингтер, мұражай, көру алаңдары мен шайхана орын тебеді. Туристік нысандар Бозжыраның етегінде де бой көтереді. Жоба авторларының айтуынша, бұндағы мақсат – табиғи ландшафт пен мәдени мұраны сақтай отыра, жиһанкездерді көшпенді өркениет әлеміне жетелеп, қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін насихаттау.


Тілекші Мырзағалиева, Жаңаөзен қаласының тұрғыны

- Бозжыра өңірі сосын жаңағы мысалы Каспий теңізі жағалауының барлығын мысалы туристік аймаққа айналдырса Маңғыстау өлкесі Түркиядан кем болмас еді. Туризмі дамыған осындай бағыттағы ел болар еді.

Аманжол Тасмағамбетов, Бостан ауылының тұрғыны:

- Маңғыстау халқы қолдаймыз. Дамысын. Бұл деген дүниежүзіне белгілі болып жатқан жеріміз ғой. Маңғыстаудың табиғатының әсемдігі, жан-жақтан жақсы көрініп жатыр. Тек қолдаймыз, мақұлдаймыз, оң болсын тек. Бастап жатқан іске біз тек қолдау береміз.

Құрылысты Алматы облысында Шарын, Көлсай, Аюсайда дәл осындай сапар орталықтарын салған әлемдік деңгейде тәжірибесі бар отандық компания қолға алып отыр. Жобаны 2026 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланған. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?