Венгрия Еуроралық одақ елдерінің ішінде алғашқы болып Қазақстанның вакциналау төлқұжатын мойындады.
Иммундау паспорттары қазақстандықтарға ПТР-тест тапсырмай, карантин мерзімін өткермей және басқа да шектеу шараларынсыз Мажар еліне емін-еркін кіруге кепілдік береді. Бұл туралы Қазақстанның Венгриядағы елшілігі хабарлады. Өзара келісім шекараларды ашу және Будапешт пен Нұр-Сұлтан арасындағы тікелей әуе қатынасын жандандыру бойынша алғашқы қадамдардың бірі болып табылады.