Францияда коронавирус қайта бас көтерді. Елде күніне 130 мыңға жуық адам ауру жұқтырады. Тек соңғы аптаның өзінде ғана вирусқа шалдыққандардың саны 43%-ке артқан. 20 және 70 жастан асқан адамдар арасында ауруханаға жатқызылғандар көбейген. Дәрігерлердің айтуынша, «омикрон» штаммының таралуынан науқастарда тыныс алу органдарының зақымдану белгілерінің орнына созылмалы аурулардың өршуі байқалады.