Қазақстанда жасанды интеллект
базасында медициналық стартаптар мен жобаларды қолдаудың жаңа бағдарламасы іске
қосылуда. Astana Hub халықаралық технопаркінде MedHub «Health AI Quality»
платформасы таныстырылды, ол отандық әзірлеушілерге өз технологияларын
денсаулық сақтау жүйесіне жылдам кіріктіруге көмектеседі. Бағдарламаға
қатысушыларға алғашқы процедуралардан бастап медициналық ұйымдарда сынақтан өту
және дайын шешімдерді нарыққа шығаруға дейін барлық кезеңдерде үздіксіз қолдау
көрсетіледі. Жеке тұлға деректері жасырылған медициналық мәліметтер қоры АІ
модельдерді әзірлеу және оларды оқытуға қажетті қосымша мүмкіндіктер ашады.
Жобаның негізін қалаушы Тоғжан Қожалы атап өткендей, бұл бастаманың мақсаты -
Қазақстанда медициналық стартаптар жылдам дамып, цифрлық технологиялар
дәрігерлер мен пациенттердің сенімді көмекшілеріне айналатындай жағдай жасау.
Тоғжан Қожалы, Medhub «Health Ai Quality» жобасының негізін қалаушы және жетекшісі:
- Цифрландыру ең алдымен дәрігерлер үшін қажет. Ақ
халатты абзал жандар озық үлгідегі сандық шешімдер - олардың орнын басушы емес,
көмекші құрал екенін түсінуі тиіс. Мәселен, АІ технологиялардың диагностикалауда мол септігі тиюі мүмкін. Ол диагноз жасауда
қосымша құрал ретінде пайдаланылады. Жеке тұлға деректері жасырылған медициналық мәліметтер
қоры АІ модельдерді әзірлеу және оларды оқытуға қажетті қосымша мүмкіндіктер
ашады. Бұл деректермен ғылыми институттар жұмыс істей алады. Сондықтан біз
деректер алмасу платформасын жасаймыз.

