Бельгияда Omicron штаммының жаңа нұсқасы анықталды. Валлон аймағының тұрғынына BA.4 деген диагноз қойылды. Өз кезегінде ғалымдар инфекциялар әрқашан мутацияға ұшырайтынын мәлімдеді. Ал, омикронның жаңа нұсқасының пайда болуы коронавирустың жаңа штаммына пайда болуына қарағанда жақсырақ, дейді олар.
Еске сала кетейік, бұған дейін BA.4 және BA.5 нұсқалары Ұлыбритания, Дания, Оңтүстік Африкада анықталған еді. Дегемен, бұл елдерде аурухана түскен, немесе вирустан қайтыс болғандар саны көп болған жоқ. Жалпы, Бельгия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы аптада елде күніне орта есеппен 9 000 адамда коронавирус инфекциясы анықталуда.