Қазақстанда коронавирустан сауығып шыққандар қатары артып келеді. Өткен тәулікте 723 адам жазылып шықты. Осылайша індетті жеңгендер саны 147 мың 500 адамнан асты. Соған қарамастан өткен тәулікте COVID-19-бен ауырғандар саны күрт өсті. Өткен тәулікте аталған диагноз 831 қазақстандықта анықталған. Айта кетейік, бір күн бұрын статистика еліміз бойынша 775 науқас анықталғанын көрсеткен болатын.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал төмендегідей:
Алматы қаласында - 19266(+128),
Шығыс Қазақстан облысында - 19172 (+50),
Нұр-Сұлтан қаласында -19089(+76),
Атырау облысында - 14173(+107),
Қарағанды облысында - 12333(+35),
Павлодар облысында - 9665(+87),
Батыс Қазақстан облысында - 9482(+43),
Солтүстік Қазақстан облысында - 9024(+57),
Қостанай облысында - 7977(+65),
Ақмола облысында - 7658(+59),
Алматы облысында - 7476(+56),
Шымкент қаласында -5555(+18),
Жамбыл облысында - 5094(+17),
Маңғыстау облысында - 3779(+8),
Ақтөбе облысында -3741(+12),
Түркістан облысында - 3737(+9),
Қызылорда облысында -3429(+4).
Айта кету керек, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 76 жағдайы тіркелді. Оған қоса 106 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 46190, 519 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 33681 жетті.