Коронавирус созылмалы ауруларды өршітіп қана қоймай, жаңа дерттің пайда болуын тудыруы мүмкін. Инфекционист Елена Мескинаның айтуынша, олар кейін ешқандай емге бой бермей, сол күйінде адам бойында қалады. Соңғы зертханалық зерттеулерге сәйкес, COVID-19-дан айыққан 100 адамның 15% I және II типті қант диабетіне шалдыққан. Сонымен қатар тағы бір жаппай сипатқа ие болған ауру – өкпе фиброзы. Ал кейбір науқастарда қалқанша безінің және жүрек бұлшық еттерінің қабынуы, инфаркт пен инсульт те байқалған.