В.Путин Қазақстанмен ынтымақтастық әлеуетін атап өтті

В.Путин Қазақстанмен ынтымақтастық әлеуетін атап өтті

«Егемен Қазақстан» газетінде Ресей Президентінің «Ресей – Қазақстан: Еуразия төріндегі одақ» атты мақаласы жарық көрді. Владимир Путин онда екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жай-күйіне және оның келешегіне қатысты ойларын ортаға салып, екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы өзара құрмет пен сенім қағидатына негізделгенін атап өтті. Экономика саласына айрықша көңіл бөлінген. Соңғы 30 жылда Ресейдің Қазақстанға салған капиталының жалпы көлемі – шамамен 30 миллиард доллар. Елімізде Ресей инвесторларының қатысуымен 70-ке жуық ірі жоба іске асырылып жатыр. Соның ішінде автокөлік құрастыру, ауыр машина жасау, химия өнеркәсібі және басқа да технологиялық салаларға қатысты тың жобалар бар. Мақалада сондай-ақ «Росатомның» қатысуымен Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы, «Союз-5⁄Сұңқар» орта санаттағы бірлескен зымыранның бірінші ұшырылымы туралы айтылған. Бұл стратегиялық жобалар белсенді іске асырылып, екіжақты берік ынтымақтастықтың нақты көрінісіне айналған. Әріптестік цифрлық технологиялар мен білім беру бағдарламаларында да белсенді жүріп жатыр. Сөз соңында Владимир Путин Ресей Қазақстанмен көпжақсы одақтастық қарым-қатынастарды алдағы уақытта да жан-жақты дамытуға дайын екенін атап өтті.


Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті

- Біздің қуатты әрі өсіп-өркендеу жолына түскен Қазақстанға деген құрметіміз ерекше. Елдеріңіздің экономикасы қарқынды дамып жатыр. Халық жаппай қолдаған тиімді ­саяси жүйе қалыптасты. Күні кеше Қазақстанда заман талабына сай келетін, елдің келешегін айқындайтын жаңа Конституция қабылданды. Республика азаматтарының басым көпшілігі осы құжатты қолдап дауыс берді. Сол арқылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік институттарды нығайту, елді жан-жақты жаңғырту және әлеуметтік-экономикалық, рухани тұрғыдан дамыту жолындағы бастамаларын қолдайтынын көрсетті.

 

 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?