Бұл күндері Қазақстан астанасына төрткүл дүние көз тікті. Қытайлық CGTN халықаралық жаңалықтар порталы сайтында басылған мақала авторы Шанхай ынтымақтастық ұйымы жаңа халықаралық қатынастарды дамытуға және адамзат үшін ортақ болашақ құруға ықпал ететін жаңа үлгідегі аса ауқымды әрі қуатты халықаралық құрылымға айналғанын жазды.
Жетекші америкалық «The Diplomat» журналы Беларусьтің ШЫҰ мүшелік етуі дамудың жаңа кезеңінің бастауы болатынын және Ұйымның географиялық шекарасын кеңейтетінін атап өтті. Бұл ретте айта кетейік, Астанадағы саммитте Беларусьтің ШЫҰ қосылуының үш жылдық рәсімі аяқталады.
Түркияның ағылшын тілінде күнделікті басылатын газетінде Hürriyet Daily News - ШЫҰ-ның астаналық саммиті түрлі тараптар арасында келісімге қол жеткізуге көмектеседі және Бірлестікке қатысушы барлық мемлекеттерде қауіпсіздікті, тұрақтылықты және дамуды қамтамасыз етуге жәрдемдесуге белсенді үлес қосады деп айтылған.
Қытайлық «Global times» басылымы Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапары Қытайдың Орталық Азия аумағы елдерімен қарым-қатынасының жаңа жоспарын анықтайтынын жазған. Сарапшылар Аспан асты елі халықаралық қатынастар жүйесіндегі негізгі ойыншы деп санайды.