Қазақстан Африка еліне электронды үкімет жобасын дамыту мақсатында техникалық көмек көрсетеді. «KazAID» халықаралық даму агенттігінің хабарлауынша, Egov цифрлық компоненттерін Сьерра-Леонеге қолдау мақсатында берілді. Қазақстандық IT-бағдарламаларды экспорттау бойынша меморандумға сәйкес, «Smart Bridge қызмет көрсету желілері», «Мемлекеттік органдар ресурстарының бірыңғай тұғырнамасы» мен «Smart Data Ukimet» ақпараттық-сараптамалық жүйесі берілді. Бүгінде қазақстандық делегация Сьерра-Леоненің IT-бағдарламаларды енгізуді жалғастыру бағытындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Дмитрий Мун, Ұлттық ақпараттық технологиялар басқармасы төрағасының
міндетін атқарушы:
-Қазіргі таңда өнімдерімізді тезірек енгізу үшін қай тұстағы жұмысты күйшейтуді түсіну үшін Сьерра-Леонада инфрақұрылымдық талдаулар мен қолданыстағы ережелердің аудитін жүргізуді жалғастырамыз. Сонымен қатар, біз осы құралдарды пайдалану үшін Сьерра-Леонада мемлекеттік органдармен тікелей оқытуды бастаймыз. Біз осы өнімдерді орнату толығымен жүзеге асырылуы үшін серверлерді тиісті талаптармен қамтамасыз ететін боламыз.
Айта кетейік, Қазақстан электронды үкімет бойынша халықаралық рейтингтерде
жоғары орындарға ие. Еліміз e-Government даму индексінде 193 елдің арасында 28
орынға тұрақтады. Ал онлайн-қызмет көрсету бойынша Қазақстан 8 орынға жайғасты.