Қазақстанда биыл инвесторларға арналған Ұлттық цифрлық платформа іске қосылады. Бірегей ақпараттық жүйе кәсіпкерлерге және мемлекеттік органдар, қаржы институттары мен квазимемлекеттік сектор өкілдеріне бірдей пайдалы болады деп күтілуде. Осылайша, инвесторлар оның көмегімен елімізде ұсынылып отырған қолдау шараларымен және мемлекеттік қызметтермен таныса алады. Ұлттық инвестициялық платформаның міндеті – бірінші кезекте көптеген процестердің ашықтығын қамтамасыз етіп, еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру. Мемлекет басшысы да жеделдетілген мерзімде платформаны іске қосуды тапсырды. Оның орындалу барысын бақылау Цифрлық даму министрлігі мен еліміздің Сыртқы Істер министрлігіне жүктелді. Сыртқы саяси ведомствоның мәліметінше, платформа әзірге пилоттық режимде іске қосылады және онда жұмыстың негізгі үш қағидаты қарастырылған.
Назира Нұрбаева, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
- Инвестициялық
жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінің онлайн мониторингі, салалық
мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің инвестицияларға өтінім беруін
автоматтандыру және инвестициялық жобаларды іске асыруға инвесторлардың өтінім
беруін автоматтандыру. Бұдан басқа, аталған жүйеде инвесторлар мемлекеттік
органдармен ең аз байланыс жасағанда онлайн-режимде бірқатар мемлекеттік
қызметтерді ала алады.