V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қарсаңында Қырғызстанда арнайы монета шығарылды

Қазақстан Астанасында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнап Қырғызстанда жасалған коллекциялық монеталар көрші елде айналымға енді. Ол төртбұрыш пішінде, ерекше жасалған. «Ат чабыш» деп аталған бұл монетаның дизайнында дәл осы ұлттық спорттың бейнесі кескінделген. Монетаның беткі жағында ипподромда сәйгүліктерімен шауып келе жатқан екі шабандоз бейнеленген. Қырғызстанның Ұлттық Банкі аталған шығарылым Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындарының маңыздылығын айқындау мақсатында жарық көрді дейді. Бұл спорттық дода көшпенді халықтардың қайталанбас рухани-мәдени мұрасын сақтап, халықаралық дәрежеде насихаттауға септігін тигізеді әрі паш етеді. 

Медина Ашыралиева, ҚР Ұлттық Банкінің қаржы саясаты басқармасының басшысы:

–  «Ат чабыш» монетасы – осы сериядағы 4-монета. Алғашқысы 2016 жылы шыққан болатын. Ол тұңғыш рет Қырғызстанда, Чолпон ата қаласында өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қарсаңында шығарылды. Бұл монеталар сериясы шаршы түрінде және proof сапасымен шығарылған. Мың дана тиражымен шығарылған ол, ең жоғары 925-сынамамен жасалынды. Әр монетаның қасында оның сапасына куәлік ететін арнайы сертификат болады.