Мемлекет басшысы
Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының (WT) президентін қабылдады. Қасым-Жомарт
Тоқаев Чунгвон Чоудың сапары Қазақстанның спорт қауымдастығы үшін маңызды оқиға
саналатынын атап өтті. Сондай-ақ, бұл Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының
елімізде аталған спорт түрінің дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін
білдіреді. Елордада G1 санатындағы Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтинг
турнирін өткізу отандық спортшылардың кәсіби тұрғыдан шыңдалуына, тәжірибе
алмасуына әрі Ұлттық федерацияның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге кеңінен жол
ашады. Бүкіләлемдік федерация басшысы турнирдің ұйымдастырылуына және
еліміздегі осы спорт түріне қызығушылық деңгейіне жоғары баға берді. Әлемде
таеквондоның дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Чунгвон Чоу ІІ дәрежелі «Достық»
орденімен марапатталды.

